«Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарды аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 16 қарашадағы № 9-3/1001 бұйрығы
(2019.07.11. берілген өзгерістермен)
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 5 қарашадағы № 340 бұйрығымен күші жойылды
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған «Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарды аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Инвестициялық саясат және қаржы құралдары департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі |
А. Мамытбеков |
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
Е. Досаев
2015 жылғы 20 қараша
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2019.14.01. № 10 бұйрығымен (бұр.ред.қара); ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2019.07.11. № 387 бұйрығымен (бұр.ред.қара) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты жаңа редакцияда
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 16 қарашадағы
№ 9-3/1001 бұйрығымен бекітілген
«Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарды аккредиттеу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1-тарау. Жалпы ережелер